Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы демалыс күндеріне 2019 жылғы 5-8 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

 

"Аязды және жауын-шашынсыз ауа райын анықтайтын Сібір антициклоны әлсіреп, шығысқа қарай шегіне бастайды. Оның орнына Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан және Қара теңізден циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттармен жылы және дымқыл ауа массалары келеді. Сондықтан болжанып отырған аралықта республиканың басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, бірақ атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжуымен қар, бұрқасын, батыстан соғатын күшті жел, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ және тұман болуы ықтимал", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы