Алдағы үш күнде оңтүстікте аптап ыстық сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігіндегі ауа райы өзгермейді. Бұл туралы Қазгидромет РМК-дан хабарлады.
Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы (5 км биіктікте) республиканың оңтүстік облыстарына Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі, және ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді. Республиканың оңтүстік облыстарында 35-40, кей жерде 45°С қатты ыстық сақталады.
Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауымен кей жерде өткенші жаңбыр мен найзағай және ыстықтың бәсендеуі күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы