Алдағы үш күн жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  2-4 қараша аралығында республиканың басым бөлігі суық атмосфералық фронттар ықпалында болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Белсенді және терең циклон Батыс Сібірге, ал онымен байланысты арктикалық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына ығысты. 

Батыс өңірлерде күн суытып, аномальді жылудан кейін ауа температурасы климаттық нормадан 1…3°С төмендеді. Алдағы демалыс күндері суық атмосфералық фронттар шығыс бағытта жылжуымен, республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Ал фронттардың артынан ығысатын суық антициклон температураның 3…12°С-қа дейін, оңтүстікте 0-5°С аязға дейін төмендеуіне әкеледі, - делінген таратылған ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы