Алдағы күндері күн суытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Жаңа Жер аудандарынан антициклон Қазақстанның басым бөлігінде қысқа мерзімге күннің суытуын алып келеді. Республиканың оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен, екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, - делінген хабарламада.
Түнгі сағаттарда солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында термометрдің сынап бағаналары 0℃-тан төмен түседі. Алайда кезеңнің соңына қарай оңтүстік тропосфералық ағындармен республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақпарат және қоғамдық даму министрі тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы