Алдағы күндері -45°С дейін аяз болады

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер 5-7 ақпан аралығында күн қатты суытып, кей облыстарда -45°С дейін аяз болады деп болжайды.

Жайық аймағынан жылжып келе жатқан атмосфералық фронттармен және Қазақстанның басым бөлігіндегі оңтүстік циклонмен бірге қар жауу, бұрқасын, күшті ұйытқымалы жел, оңтүстік облыстарында тұман және көктайғақ күтіледі.

Бірақ қар жауудан кейін Карск теңізінде орналасқан антициклонмен байланысты Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35…45°С қатты аяз тудыратын болады. Суыту оңтүстік облыстарына дейін таралып, мұнда ауа температурасы кей жерлерде минус 22…30°С дейін төмендейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы