Алдағы күндері -25 градусқа дейін аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттар оңтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Салдарынан Қазақстан территориясының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Солтүстік-шығыс желі күшейеді. Көктайғақ күтіледі. Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Соның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы - 13 -18, кей жерлерде -20 -25 градусқа дейін төмендейді. Бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С төмен.

Республиканың батысында ғана осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы