Алдағы күндер жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аптаның соңында еліміздің солтүстігінде жауын-шашын болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.


Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер ететін болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде. Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Республика бойынша кей жерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы