Алдағы бес жылда күн ыстық болады – ғалымдар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдан 2024 жылға дейін әлем бойынша ауаның орташа температурасы бұған дейінгі температурадан бір жарым еседей жоғары болады. 

Британияның метеорологиялық қызметі әлем бойынша бес жыл бойы ыстық болады деп хабарлады. Мұндай ыстық температура тарихта болмаған.

Sky News телеарнасының хабарлауынша, сарапшылар алдағы бес жылда Цельсий шкаласы бойынша 1,15 – 1,46 градустан жоғары болады деп болжаған. Сонымен қатар, өткен бес жылдық та ыстық болған. Орташа температура Цельсий шкаласы бойынша 1,9 градустан жоғары болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы