Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, Мәскеу аумағынан келетін циклон және онымен байланысты фронтальды жүйелердің шығыс бағытында жылжуымен жаңбыр, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр, республиканың басым бөлігінде найзағай және бұршақ жауады деп болжанып отыр.«Еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 градус жылы болады. Тек республикамыздың батысында және оңтүстік-батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Қазақстанның Беларусьтегі елшісін тағайындады
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы