Алда әлі аптап ыстық бар: 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ел аумағында ертең, сенбі, 2025 жылғы 2 тамызда, жауын-шашын тоқтап, қайтадан аптап ыстық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның батысына антициклонның тармағы жылжи бастайды – жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі. Елдің қалған аумағында циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері сақталады – жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, дауыл соғады, күндіз елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік пен орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК синоптиктері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы