Албанияда екі аптадан бері орман өртеніп жатыр

Албанияда жасыл желек отқа оранып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24kz.-тің мәліметі бойынша, екі аптадан аса уақыт өтсе де, мамандар әлі күнге дейін орман өртін сөндіре алмай жатыр.

Өз кезегінде Қытай лай көшкінінің зардабымен күресуде. Құтқару жұмысына жүздеген маман тартылған. Албанияда орман өртеніп жатыр. Тілсіз жау жүздеген гектар алқапты күлге айналдырған. Әсіресе Либражд, Грамши, Химара мен Конисполи аймақтарындағы жағдай күрделі. Сондықтан аталған өңірлерге 300-дей маман жіберілген. Ондаған техника тартылған. Қызыл жалынды тезірек ауыздықтау үшін тікұшақ та қолданылып жатыр.

Бірақ оған аймақтағы аптап пен екпінді жел кедергі келтіріп тұр, - дейді өрт сөндірушілер.

Жергілікті полиция орманға қасақана өрт қойды деген күдікпен 5 адамды қамауға алды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы