Алаяқтық. Жыл басынан 15 млн қоңырау бұғатталған
Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Жалпы, киберқылмыс жылдан жылға өсіп келе жатыр. Оның ішінде интернет алаяқтық өсіп отыр. Интернет алаяқтық өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан. Қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың кең таралған түрлері анықталды. Банк қызметкері немесе құқық қорғау органының қызметкері ретінде хабарласу арқылы алаяқтыққа бару тәсілі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда азайған. Бұл Ішкі істер органдарының бірлескен жұмысының нәтижесі деп ойлаймыз, - деді Жандос Сүйінбай.
Сүйінбайдың айтуынша, ІІМ өткен жылдан бастап Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, алаяқтардың ұялы телефонын бұғаттайтын жүйені іске қосқан.
Қазіргі таңда 15 млн қоңырау бұғатталған. Осыған ұқсас «фишинг» сілтеме жіберу әдісі өткен жылмен салыстарғанда 100 қылмысқа азайды. Әрине, бұл көбіне азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығына байланысты. Биыл инвестициялық алаяқтық күрт өсті. Алаяқтар ұлттық компаниялардың жарнамаларын пайдаланып, азаматтарды тартуда. Бұл іс бойыншада іс жүргізіліп жатыр, - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.