Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеу жариялаған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.
Биыл қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.
Ұсталған адамды қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлері қамауға алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы көшелерінде қоғамдық көліктер мерекелік безендірілді
Келесі жаңалық
Шымкенттегі бас шырша өртенді
Өзгелердің жаңалығы