17 Наурыз 2024 2024, 15:09 Фото: Polisia.kz

Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті әйел Түркияда ұсталды

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция мәліметінше, әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, тұрғындарды үлкен сомаға сан соқтырып кеткен. Қазіргі таңда полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр.

Күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.