3 Қазан 2026, 14:19 Фото: ҚР ҰҚК

Алаяқтық бойынша іздеуде жүрген қазақстандық Астанаға экстрадицияланды

Ер адам 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде болып, соттан бой тасалап жүрген.

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы шетелден Астанаға жеткізілді.

Экстрадициялау 2026 жылғы 2 қазанда жүзеге асырылды. Операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен жүргізді.

Ведомстволардың мәліметінше, ер адам 2021 жылдан бері сот төрелігінен бой тасалап жүрген. Қазақстанға жеткізілгеннен кейін ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.