«Алаяқтардың 80%-ы намаз оқитындар». Зайытов ойын түсіндірді

Депутат Ринат Зайытов «Алаяқтардың 80%-ы намаз оқитындар» деген сөзін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Ринат Зайытов мұны YouTube-тегі Abay Live жобасына берген сұқбатында айтты.

Депутат осы мәселеге қатысты ресми статистиканы да сұратуға болатынын жеткізді.

Қаржы пирамидалары бар, қажылыққа апарамыз деп лақтырғандар бар. Ақша табысын көбейтеміз деп айтатындар тағы бар. Эфирлер жүргізетіндер бар. Мұның бәрі таза алаяқтық, - деді Зайытов.

Депутат ең үлкен мәселе неде екеніне тоқталды.

Ең үлкен мәселе - менің айтқан әңгімемде емес. Мәселе - бұл тақырып неге осылай тарағанында. Бізде мемлекетте дін тақырыбын пайдаланып, бүлік жасағысы келіп отырған топтар бар. Мұны мен нақты айта аламын. Өйткені оларға шу керек. Осы уақытқа дейін олар түрлі діни ағымдарды кіргізіп, дайындады. Барлық назар діннің айналасына ауатындай жағдай жасады да, бірінші хиджаб мәселесінен бастады. Ол проблема жыл сайын көтеріліп, қайта басылатын. Биыл неге басылмай жатыр? Неге бұл Үкіметтен шешімін таппай жатыр? Өйткені бұл әңгіме қазір керек болып тұр, - деп айтты Ринат Зайытов.

Зайытовтың сөзінше, өзі айтқан топ «Намазхандардың 80%-ы алаяқ» деп өзгертіп жіберген. Ол дінге жаны ашитын адамдар алдымен діннің атын жамылып, исламның атына кір келтіріп жүрген топтарды түзеп алуы керегін айтты.

80% деген сөз мен көрген 10 оқиғаның 8-і. Демек мен көрген 10 алаяқтың 8-і намаз оқиды, - деп түсіндірді ол сөзін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы