Алаяқтар Тоқаевтың суретін пайдаланып, ұрланған ақшаны қайтаруға уәде еткен

Қазнетте алаяқ брокерлер иемденіп кеткен ақшаны қайтаруға болатыны туралы жарнама тарады. Ол үшін 48 сағат уақыт қажет екен. Бұл фейк, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Stopfake.kz сайтының деректеріне сәйкес адамдарды тарту үшін алаяқтар жалған фотосуретті пайдаланған. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш бейнеленген және «Интерполмен ынтымақтастықтың нәтижесінде алаяқ брокерлер ұсталды» деп жазылған. 

Шындығында, бұл фотосурет ҚР Президентінің ресми сайтынан алынған. Ол 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте түсірілген. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 74-ші сессиясында Антонио Гутерришпен кездесіп, Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының одан әрі практикалық өзара іс-қимылының перспективаларын талқылаған. 

Жарнамада алаяқтар өтінімді толтырып, маманның қоңырауын күтуіңізді сұрайды. Белгісіз сайттарда жеке деректеріңізді қалдырмаған жөн. Осылайша, сіз өзіңіз жайлы ақпаратты қалдырасыз, ал алаяқтар оны өз мақсатында пайдалануы мүмкін, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы