Алаяқтар министрдің атынан жалған хабарламалар таратып жатыр

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің атынан жалған хабарламалар жіберіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр бұл хабарламалар жалған екенін айтты. 

Құрметті достар! Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер тұрғындарға менің атымнан хабарламалар жіберуде. Бұл хабарламалар жалған екенін, нөмірлер маған тиесілі емес екенін ресми түрде мәлімдеймін. Жіберілген ақпараттарға сенбеулеріңізді және ешбір жағдайда күдікті сілтемелерді баспауларыңызды сұраймын. Қазір арандатушыларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп жазды министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы