Бүгiн 2026, 17:24 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Алаяқтар атыңыздан несие алса, не істеу керек?

Соңғы кезде азаматтардың атына олардың рұқсатынсыз онлайн несие рәсімдеу жағдайлары жиілеп кетті.

Сарапшылар мұны цифрлық алаяқтықтың кең таралуымен байланыстырады. Кей жағдайда алаяқтар жәбірленушінің жеке деректерін, соның ішінде ЖСН мен SMS-кодтарды пайдаланып, бірнеше минут ішінде несие рәсімдеп үлгереді.

"Заң мен тәртіп – 1 минутта" жобасының кезекті шығарылымында осындай жағдайға тап болған кезде қандай әрекет жасау керектігі түсіндірілді.