Алаяқтар Антикордың атын жамылып, қоңырау шала бастаған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескертеді. Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз, - делінген агенттік хабарламасында.

Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажет.

Егер сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы