Алаяқ құрбаны болған әйел 2 млн теңгесінен айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айының ортасында Өскемен қаласы полиция басқарамысына облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалғанын айтып, жүгінді. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті мәлім етті.
Жәбірленушінің айтуынша, бұрын өзіне таныс әйел тыйым салынған мүлікті банктерден сатып алу сылтауымен және оны одан әрі сату үшін оның 2 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген.
Жауап алу кезінде кінәсін мойындаған 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы