Алаяқ қос құрбы тұрғындарды 40 млн теңгеге алдап кеткен

50-ге жуық қазақстандықты 40 млн теңгеге алдаған алаяқтар Шымкентте ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екі құрбы өз құрбандарын мобильді банкинг арқылы тауарлай несие алуға және төлем жасау үшін оларға жеке деректерін беруге көндірген.

Сондай-ақ күдіктілер белгілі бір схема арқылы қарыз сомасын бонустармен бірге шотқа екі апта ішінде қайтара алатынына сендірген. Сатып алу үшін қажетті кодтарды білгеннен кейін, олар дүкеннен тауар алып, қайта сатқан. Олардың айла-амалдарына 45 азамат сеніп қалған. Үш айдың ішінде алаяқ қыздар Шымкент, Алматы, Астана және Түркістан облысының тұрғындарын 40 миллион теңгеден астам сомаға алдады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер қала аумағында ұсталды. Олардың бірі – БҚО-ның тұрғыны болып шықты. Жәбірленушілердің арызы ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық істің материалдары сотқа жолданады, – деді Қаратау АПБ-ның тергеушісі Нұрислам Есенбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы