Бүгiн 2026, 13:49 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Алаяқ әйел әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды 7,7 млн теңгеге алдап кетті

Instagram әлеуметтік желісінде тиімді инвестициялар, арзан туристік жолдамалар және шетелде жұмысқа орналастыру туралы жарнамалық хабарландырулар орналастырған.

Астанада интернет-алаяққа сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Кінәлі тұлға Instagram әлеуметтік желісінде, тиімді инвестициялар, арзан туристік жолдамалар және шетелде жұмысқа орналастыру туралы жалған жарнамалық хабарландырулар орналастырған.

Азаматтарды жаңылыстырып және олардың сенімін теріс пайдалана отырып, ол жәбірленушілерден ақшалай қаражат алып, оларды өз мүддесіне жұмсап, өзіне алған міндеттемелерін орындамаған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 10 адам зардап шегіп, оларға 7,7 млн теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы қағидатты әрі дәйекті ұстаным танытып, сотқа сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынды және бас бостандығынан айыру түріндегі нақты жаза тағайындау қажеттігін негіздеді. Сот үкімімен кінәлі азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды, деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Петропавл тұрғыны 2 миллион теңгесінен айырылған болатын.