Алатау қаласында "Тазалық – әркімнің жауапкершілігі" дөңгелек үстелі өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысының Алатау қаласының қоғамдық ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны тазалап, оны әдемі әрі таза ету. Іс-шараға қатысушылар экологиялық мәселелерді шешуге және табиғатты қорғауға назар аударып, бұл болашақ ұрпақтар үшін өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасауды және табиғи ресурстарды сақтауды маңызды деп есептейді.
Шараның тақырыбы - «Тазалық – әркімнің жауапкершілігі». Іс-шараға ҮЕҰ өкілдері, ақсақалдар мен жастар белсенді түрде қатысты. Мұндай шаралар қоғамды нығайтуға және табиғатты қорғауға деген назарды арттыруға көмектеседі.
Бұл іс-шара экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын түсінуге көмектеседі және адамдарды өздерінің елді мекендерінде тазалықты сақтау үшін тұрақты түрде күш салуға ынталандырады.
«Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдай отырып, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, қалалық мәслихаттың төрайымы Роза Михайлқызы Абилова сөз сөйледі. «Таза Қазақстан» бағдарламасы ол тек тазалық сақтау, жинау ғана емес, бұл бағдарламаның терең идеологиялық мәні бар. Сондықтан, тазалық деген әр азаматтың жеке ой-санасы мен ішкі тәртібі, — деп атап өтті Роза Михайлқызы.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар экологияның өзекті мәселелерін, атап айтқанда ауаның, судың және топырақтың ластануын, сондай-ақ осы мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын талқылады.
Эко-білім беруді дамыту, сенбіліктер өткізу және аумақтарды көгалдандыру сияқты нақты қадамдар ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар осы бастамаларға белсенді түрде қатысуға және табиғат пен қоғам игілігі үшін жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.