Алатау ауданының 7 мыңнан астам тұрғынына әлеуметтік көмек көрсетілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл турлаы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл турлаы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Қала әкімінің айтуынша, аудан үшін маңызды мәселе – әлеуметтік қолдау. Қаладағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үштен бірінен астамы Алатау ауданында тұратын отбасылар.
Осы жылдың 1-ші тоқсанында аудан бойынша 7 639 адам 232 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» және «Алатау аналары» қоры арқылы биыл 2 700 әйелдер мен көпбалалы аналарға қолдау көрсетіледі. «Шыңға өрлеу» жобасы бойынша тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қосымша тегін білім беру үшін 502 бала қамтылады,-деді әкім.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 3 мың зейнеткер белсенді әлеуметтік өмірге тартылған.
Әкім сондай-ақ ауданда биыл 8 мыңға жуық жаңа жұүмыс орнын құру жоспарланып отырғанын жеткізді.
І т оқсанның қорытынысы бойынша жоспардың 63% қамтылды. 3700 адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы қамту және 4242 орынды жеке бастамалар есебінен қамтамасыз ету жоспарланып отыр,-деді Досаев.