Алаштың ақ арманына бірге жетейік - Қазақ елін Заитов пен Болманов әулеті құттықтады

Қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина қазақстандықтарды елдің гүлденуіне бірге қызмет етуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әрқайсымыз елімізге, туымызға жұмыс істесек қана көтеріле аламыз, дами аламыз. Елімізге тыныштық, әр отбасына бақыт, береке берсін. Өйткені әр қазақ Республика күнінің кепілі. Біздің сыртта жүрген, қазір футболдан да жеңіп келе жатқан, бокстан әлем чемпионы болып, армрестлинг, шахматтан да бірінші орынға шығып жатқан Қазақ елінің өсіп келе жатқаны сөзсіз көрініп тұр, - деді әнші Қыдырәлі Болманов.

Жұбайының сөзін әнші Қарақат Әбілдина "Қазақ елінің гүлденуіне әрқайсымыз талмай, тынбай еңбек ете берейік" деп жалғады.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Заитов та Республика күнін "еліміздің бас мерекесі" деп атап, отандастарын құттықтады.

Тәуелсіз Қазақстанның іргесі бүтін, шаңырағы биік болсын. Алаштың ақ арманына барлығымыз бірге жетейік, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы