Алаш жұрты тар жол тайғақ кешуден абыржымай өтті – Бекболат Тілеухан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақордада өткен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру рәсімі барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханды ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Астанада елге еңбегі сіңген азаматтармен бірге өз қолыңыздан марапатқа ие болу - зор қуаныш, үлкен мәртебе, ерекше жауапкершілік. Елбасы іргесін қалап, қабырғасын тұрғызған мемлекеттің өрнегін айшықтап, бау-бақшасын жайнатып, қақпасын қатайтып жатырсыз. Адамзат абыржыған, дүниенің дидары бұзылыңқырап, алдамшылар алға шығып, популизм жайлап, аптасы айға, айы жылға татитын қарбалас, алмағайып кезеңде Алаш жұрты абыржымаса керек-ті. Төзбеске төзіп, тар жол тайғақ кешуден абыржымай өтетін Алаш жұртын алға бастай беріңіз. Мереке құтты болсын, - деді марапаттау рәсімінде Бекболат Тілеухан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ақбөкен» операциясы: 109 заңсыз аң аулау дерегі анықталды
Өзгелердің жаңалығы