"Алаңдауға негіз жоқ": Алатау қаласының тұрғындарына қандай жағдай жасалады

Көлемі 88 мың гектарды құрайтын жаңа Алатау қаласында елеулі өзгерістерболмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысы Жетіген ауылдық округі әкімі Нұрлан Абилев айтты. 

Жетіген ауылдық округінде 4 ауылды мекен бар. Олар – Жетіген, Жаңа арна, Құйған және Еңбек ауылы. Президенттің жарлығына сәйкес, осы 4 ауылдың барлығы Алатау қаласына кіреді. Болашақта басқа ауылдар да қамтылуы мүмкін. Жалпы Алатау қаласының ауданы – 88 мың гектар. Болашақта жұмыс орындары ашылып, білім беретін мекеме бой көтереді. Жоспар бойынша Мәдениет үйі, емхана, қаржы орталығы, ойын-сауық орындарының жобасы дайындалып жатыр. Тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Көбісі қуанып, бір-біріне сүйіншілетіп жатқан жайы бар, - дейді Нұрлан Абилев. 

Ол сондай-ақ тұрғындарға құжаттар бойынша қиындық туындамайтынын атап өтті.

Алаңдауға негіз жоқ. Алатау қаласына 4 ауылдың тұрғындары 52,7 мың адам кіреді. Құжаттарды реттеуде тұрғын үйлеріне алаңдамауға болады. Бұл біртіндеп атқарылатын жұмыс. Қалада көп пәтерлі үйлердің қүрылысы қолға алынады. Жаңа қала жастарымызға таптырмас мүмкіндік сыйлайды. Жаңа қала құрылысы тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, өңірдің дамуына даңғыл жол ашады. Жаңа шаһар Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Бір сөзбен айтқанда, Алатау қаласы - дамудың жаңа кезеңі, - дейдіАлматы облысы, Жетіген ауылдық округі әкімі Нұрлан Абилев

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңа қала пайда болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы