9 Тамыз 2026, 10:46
Алан Құрманғалиев АҚШ-та өткен халықаралық турнирде алтын алды
Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев АҚШ-та өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Қазақстан құрамасының үстел теннисінен өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық спортшы жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алғашқы ойында Құрманғалиев америкалық Алекс Лоны 3:1 есебімен ұтса, одан кейін Абхинав Ширбхатеден 3:0 есебімен басым түсті.
Үшінші кездесуде қазақстандық спортшы АҚШ-тың тағы бір өкілі Эндрю Цаоны 3:0 есебімен сенімді жеңді.
Финалда Алан Құрманғалиев австралиялық Чулун Немен кездесті. Шешуші бәсеке қазақстандық спортшының 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Алан Құрманғалиев Споканда өткен WTT Youth Contender турнирінде бірінші орын алып, алтын медаль иеленді.