Alan Parking директоры екі айға қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Alan Parking» ЖШС -нің директоры Мұхтар Базарбаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тиісті қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтіші қанағаттандырылды. Күдіктіге 2 ай мерзіміне қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін, Қайрат Боранбаев ұсталған болатын.

Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Күдікке ілінген Қ.С. Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 2016 жылы Алматыда автоматтандырылған ақылы көлік қоятын тұрақ жүйесі іске қосылды.

Аталған қызметтің екі түрі бар. Көлікті көше бойына қою және тұрақ алаңдары. Барлығы бір операторға тиесілі. Ол – Alan Parking ЖШС.

Оған 12 мың тұрақ қарайды.

Автотұрақтың басым бөлігі – орталық көшелерде орналасқан.

Ақылы тұрақ бағасы сағатына 100 теңге тұрады.

Үш түрлі төлем жүйесі арқылы есептесуге болады. Ол паркомат, киви-әмиян және СМС жолдау арқылы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы