Қаламгерлерге әдеби "Оскар" сыйлығы табысталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Алтын қалам" әдеби жүлдесі аясында бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге әдеби "Оскар" сыйлығы табыс етіледі.
Жеңімпаздар "Алтын қалам" байқауы мен Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталған. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 61 сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. Сарапшылар сондай-ақ, қазіргі таңда сұранысқа ие әдеби жанрларды, үздік авторлар мен үздік кітаптарды атап өтті.
Сауалнама нәтижесінде жылдың үздік баспасы аталымымен - Meloman Publishing марапатталды.
Ал жылдың әдеби дебютіне Орал Арукеновтің "Правила нефтянки" еңбегі лайық деп танылды.
Кiтап like аталымы бойынша (оқырмандар таңдауы) - Аскар Нурша "Путинская Россия: геополитический реванш или агрессивная оборона?" кітабы үшін марапатталды.
Гульнар Бажкенованың "Только не говорите, это слишком" еңбегі әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап деп танылды.
Кәсіпкер Олжас Құдайбергенов әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін жылдың үздік меценаты деп танылды.
Саяаттанушы Айдос Сарым елімізде көрші елдердің саяси жағдайын дөп басып талдай білетін сарапшылардың жоқ екенін айта келе Асқар Нұршаның еңбегін жоғары бағалады.
"Саясаттанушы, сарапшылар өзге елдер туралы кітапты көп оқимыз. Оқып отырып біз өзіміз неге көрші елдерде болып жатқан жағдайды талқыламаймыз, саяси жайттарға талдау жасамаймыз деген ойға қалатынбыз. Қазір елімізде қытайтануға арналған көптеген кітаптар жарық көре бастады. Асқар Нұрша досымыз көрші Ресейдің саяси жағдайы туралы кітап жазып шықты. Ол кітап "Путинская Россия: геополитический реванш или агрессивная оборона?” деп аталады. Онда Путиннің билікке келуі, перспективалары және Қазақстан мен Ресейдің алдағы даму ықпалдастығы қандай болатындығына жақсы талдау жасаған", - дейді саясаттанушы.Кітап авторы бұл еңбекті жазбас бұрын көп ойланғанын жеткізді.
"Қазақстан көбінде өзге елдер мен серіктестеріміз үшін саяси нысан болып келді. Біздің сарапшылық алаңымызда ресейлік және Батыс елдері авторларының ойлары, пікірлері маңызға ие болып келді. Соны ескеріп, жақын серіктестеріміз бен өзге елдердің саяси жағдайына қатысты өзіміздің көзқарсымызды бергім келді", - дейді Асқар Нұрша.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы