Алакөлге жазғы маусымда жету жеңілдейді

Көлік министрлігі жазғы демалыс маусымында Алакөл курорттық аймағына қосымша теміржол вагондары мен қолжетімді әуе рейстерін ұйымдастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Теміржол қатынасы

2025 жылы Алакөлге 13 теміржол бағыты жұмыс істейді. Оның ішінде 4 бағыт жыл бойы тұрақты, ал 9 бағыт маусымдық қосымша бағыт болып саналады. Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен және Ақтоғай қалаларынан жүреді.

Алматы – Алакөл бағытындағы пойыздар:

  • №207/208 «Алматы-2 – Жалаңашкөл» (аптасына 2 рет);
  • №221/222 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
  • №211/212 «Алматы-2 – Достық» (маусым–шілде – жұп күндері, тамыз – тақ күндері);
  • №337/338 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
  • №21/6941/6942/22 «Алматы-1 – Достық» (жұп күндері).

Астана – Алакөл бағытындағы пойыздар:

  • №54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
  • №254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
  • №122/6942/6941/121 «Нұрлы жол – Семей» (жұп күндері).

Басқа бағыттар:

  • №31/6942/6941/32 «Павлодар – Достық» (жұп күндері);
  • №21/6942/6941/22 «Қызылорда – Достық» (тақ күндері);
  • №457/458 «Семей – Достық» (тақ күндері);
  • №459/460 «Өскемен – Достық» (тақ күндері);
  • №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» (күн сайын).

Әуе қатынасы

2025 жылғы 1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Алакөл маңындағы Үржар қаласына субсидияланған рейстерді бастайды. Астана – Үржар және Алматы – Үржар бағыттарында аптасына 6 рейс орындалады.

  • Астана – Үржар бағыты бойынша бір жақ билет бағасы – 16 000 теңге;
  • Алматы – Үржар бағыты бойынша – 14 000 теңге.

Сонымен қатар, Ушарал қаласына субсидияланған әуе рейстерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр.

Автомобиль жолдары

Алакөлге автокөлікпен жету үшін республикалық маңызы бар бірнеше жаңа жолдар пайдалануға берілді:

  • Талдықорған – Өскемен жолы (ұзындығы – 768 км) толықтай жаңа асфальтпен жабдықталған.
  • Жетісу облысы арқылы Үшаралдан кейін 180 км жолмен «Үшарал – Достық» бағытында көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады.
  • Абай облысы тарапынан «Таскескен – Бақты» жолы арқылы Мақаншы ауылына (133 км), әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына шығуға мүмкіндік бар.

Алакөлге апаратын барлық маңызды республикалық автожолдарға жаңа асфальтбетон жабыны төселген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы