Алакөлге апаратын пойыздың жағдайы жан түршіктіреді – депутат

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау еліміздегі туризмнің жай-күйін айтып, саланы дамытудың жолын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат осы мәселеге қатысты сауалын Туризм және спорт министріне жолдады.

Нұргүл Таудың мәліметінше, қазіргі таңда әлемдік экономикадағы туризмнің үлесі 9,2% құрап, 9,5 трлн долларға жетті. Ал Қазақстанның туризм саласы экономиканың тек 3,9%-ын ғана алып отыр.

Қазақстанда туризм саласының дамуына кедергі жасап отырған бірқатар түйткілді мәселе бар. Бұл – туристік инфрақұрылымның әлсіздігі. Атап айтқанда, туристік аумақтар тамақтану және гигиеналық орындармен тиісті деңгейде қамтылмаған. Бұдан бөлек, логистика мәселесі бар. Мысалы, туристердің көптеп баратын жеріне айналған Алакөлге апаратын пойыздың жағдайы жан түршіктіреді, - дейді мәжілісмен.

Сондай-ақ шалғай туристік мекендерде сапалы байланыстың жоқ екені де белгілі.

Аталған мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті қолдана отырып, автомагистральдардың әр 100 шақырымында толығымен қамтылған қонақ үй ашу қажет. Бұл үрдіс бірқатар Еуропалық елдерде кеңінен таралған, - деп есептейді Тау.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы