Алакөлде жанар-жағармай тапшылығы болмайды

Мақаншы ауданына қарасты Қабанбай ауылдық округінде жаңа заманауи жанар-жағармай стансасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа ғимарат Алакөл демалыс аймағына жақын жерде орналасқан. 2 гектар аумақты алып жатқан нысан жазғы демалыс мауысымы кезінде туристтік көліктерге толық қызмет көрсететін болады, - делінген хабарламада.

Жанар-жағармай стансасын жергілікті инвестор отандық нарықтағы белгілі компаниямен серіктестік негізінде салып жатыр. Стансаның жалпы сыйымдылығы 150 куб және ол бір мезетте 6 көлікке дейін қызмет көрсете алады.

Нысанның құрылысымен арнайы келіп танысқан Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгельдин инвестордың осы маусымда ашылуы үшін барлық қолдау жасалатынын жеткізді. Себебі, бұл нысан жазғы демалыс маусымында Алакөлге келген демалушылардың автокөліктеріне жанар май тапшылығын болдырмауға септігін тигізеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы