Алакөлде жаңа 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді – Жетісу облысы

Алакөл ауданы Үшарал қаласында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің кілті тұрғын үй кезегінде тұрған аудан азаматтарына табыс етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы, аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 4 санат бойынша 1646 азамат тіркелген. 5 қабаттан тұратын 60 пәтерлі тұрғын үйдің (оның ішінде, 1 бөлмелі - 15, 2 бөлмелі - 15, 3 бөлмелі 30 пәтер бар) кілті 60 отбасыға табысталды.

Пәтер кілттеріне ие болғандардың басым бөлігі – әлеуметтік жағынан аз қамтылған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасылар.

Қоныс той иелерін аудан әкімі Алмас Абдинов құттықтап, баспана кілттерін табыстады.

Айта кетсек, кезекте тұрған азаматтарға келер жылы қосымша 60 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа беріледі.

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтағы азаматтарына тұрғын үй кезегіне сәйкес арнайы 39 пәтер (оның ішінде, 15 үй жаңадан салынған, 24 үй нарықтан сатып алынған) беру жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы