Алакөлде суға кеткендер көбеюде

Шипалы көлден ем іздеп барып қайғылы жағдайға тап болған отбасылар бар. Бүгінге дейін 20-ға жуық адам құтқарылса, бір демалушы суға батып қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір көлде жүрген туристердің саны өте көп. Жағада ине шаншар орын жоқ. Бір келіп, бірі кетіп жатыр. Алакөлдің жағалауы саяз емес, 2 метр бойлағаннан кейін бірден тереңге тартады. Сондықтан көбі ортасына қарай жүзіп баруға әуес. Аптап ыстықтан осылай құтылуды ойлаған тұрғындар жағалайға қайтып үлгере алмай қалады. Бірінің аяғы тартылып қалса, бірі баласынан көз жазып қалады.

Ақши мен Көктұма келушілердің қатары көп. Биыл ауа райы желді болып тұр. Суға түскен адамды толқындар ортасына қарай тартады. Ең өкініштісі ата-аналар балаларынан көз жазып қалып жатыр. Біз осы күнге дейін 5 бүлдіршінге көмекқолын создық. Демалушыларға қанша ескерту айтсақ та тереңге қарай түсуге талпынады. Үлкен азаматтардың демі шыдамай жағаға жете алмай көмекке шақырады, дейді құтқарушы Алмас Таубаев.

Жауапты мамандар күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімен туристер көбіне құлақ аса бермейді. Мұнда қазір 6 арнайы техника мен 14 жүзу құралы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек 20-ға жуық құтқарушы халыққа қызмет көрсетеді. Маңайдағы лагерьлер мен демалыс аймақтарына барып, арнайы сабақтарда өтеді екен.

Құтқарушылар арнайы үгіт-насихат акцияларын жүргізіп жатыр. Біз талапқа сай жағадан ұзамай суға түсіп жүрген адамдарды сирек көреміз. Көбі ортасына қарай түсуге талпынады. Мен баламды түсіремін», дейді демалушы Әсел Бертінбаева.

Осы күнге дейін тоблстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері 4000-ға тарта парақша таратқан. Қауіпсіздің сақтамағандар

ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы