Алакөлде су ортасында қалып қойған екі жасөспірім құтқарылды

Алакөл көлінде ТЖМ құтқарушылары су бетінде тоқтап қалған гидроциклмен жүрген екі жасөспірімді аман-есен жағаға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Мақаншы ауданындағы Алакөлде болған. Құтқарушылар көлді патрульдеу кезінде жағадан шамамен 600 метр қашықтықта бұзылып қалған гидроциклді байқаған. Оның үстінде екі жасөспірім болған.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, гидроциклді сүйреп, балаларды жағаға шығарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Ведомство су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы