Алакөлде скутер аударылып, екі адам суға кете жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөл көлінде екі демалушының скутермен серуендеуі қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Дегенмен күнделікті кезекшілік жүргізетін жедел-құтқару жасағы дер кезінде көмекке келіп үлгерген.
Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.
Оқиға 8 шілдеде болған: ер адам мен әйел адам скутермен серуендеген. Жағадан шамамен 400 метр жерде көлік аударылып қалған. Мұны кезекшіліктегі құтқарушылар дер кезінде байқаған.
Құтқарушылар жеке қайықпен оқиға орнына жедел барды. Скутерден ұстанып тұрған әйел біраз есеңгіреп қалған. Құтқарушылар демалушыларды қайыққа жақындатып, бортқа көтерілуге көмектесті. Осылайша суға батып кете жаздаған екі адам жағаға жеткізілді, – деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскемен әуежайының 70 пайызы жөнделді
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы