Бүгiн 2026, 01:55
Фото: unsplash.com
Алакөлде шомылу 15 маусымда басталады
Алакөл жағалауында жазғы туристік маусымға дайындық аяқталуға жақын.
Жағалауда жеті пирс салынып, 30 киім ауыстыратын кабина мен 45 биоәжетхана орнатылуда. Сонымен қатар аумаққа қоқыс жәшіктері қойылып, тазалық жұмыстары күшейтілген.
Демалушылардың қауіпсіздігі үшін 31 құтқару мұнарасы орнатылған. Шомылуға арналған аумақтар арнайы қалқыма белгілермен қоршалып, олардың ұзындығы 13 шақырымға жетеді.
Бұдан бөлек, жағалауда интеллектуалды бейнебақылау жүйесі іске қосылып жатыр. Камералар судағы жағдайды бақылап, төтенше оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Алакөлде шомылу маусымы 15 маусымда басталады.
Бұған дейін Алакөл мен Қапшағайда суға түскендерді ЖИ бақылайтынын жаздық.