Алакөлде қозғалтқышы істен шыққан қайықтағы 9 адам құтқарылды
2025 жылғы 22 шілдеде Жетісу облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) құтқарушылары Алакөл көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтағы 9 адамды аман-есен құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қоңырау 112 жедел пультіне түскен: Алакөлдің жағасынан шамамен 25 шақырым қашықтықта орналасқан қайықтың қозғалтқышы істен шыққан. Қиын жағдайда қалған борттағы жолаушылардың арасында екі бала болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына аттанды. Олар қайықты сүйреп, ішіндегі адамдарды қауіпсіз түрде жағаға жеткізді.
Құтқарылған азаматтардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Энергетика саласына 1500 грант бөлінді: өтініш қабылдау басталды
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы