Алакөлде қауіпсіздік ережесін сақтамаған кәсіпкерлерге ірі көлемде айыппұл салынды – әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үржар ауданына барған жұмыс сапары барысында айтты. Аймақ басшысы аудан әкіміне көлеңкелі бизнеспен күрес, жұмыс орындарын құру, экономикалық әлеуетті толық көлемде пайдалануға қатысты бірқатар тапсырма берді. 

Үржар ауданы 27 ауылдық округтен тұрады. 71 мыңнан астам тұрғыны бар ірі аудандардың бірі. 

Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ұранхаев Үржар ауылындағы салынған бассейнді қалпына келтіру жұмысымен танысып, балалар орталығына барды. Аймақ басшысы Таскескен ауылындағы 1960 жылы ашылған колледжге де барды.

Нұрлан Ұранхаев Алакөл жағалауының туристік әлеуетімен танысты. Өңір басшысы «Арбат» серуендеу аймағын абаттандыру жұмыстарын  да көрді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы мұнда алаңдарды түзету, бөлшек тастарды орнату, «Турист Инфо» ғимаратын және LED-экранды жөндеу, жабынды ауыстыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы