Алакөлде өрт сөндіру мен құтқару станциясының құрылысы басталды

Алакөл жағалауында өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясының құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқару станциясының құрылуы Алакөл аймағындағы туристер мен жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа нысан өрт қауіпсіздігі мен құтқару қызметтерін жедел үйлестіруге, қажетті техника мен мамандарды тартуға септігін тигізеді.

Екі жобаның құрылысының басталу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, бұл бастаманың жағалау инфрақұрылымын дамыту мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды. Олжас Бектенов Президенттің туризм саласындағы тапсырмаларын орындау бойынша жиын өткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы