Алакөлде мүмкіндігі шектеулі 103 бала демалды

Шипалы көл жағасында ерекше күтімді қажет ететін жүздеген бала демалды. Олар «Жансая» жазғы сауықтыру лагерінде тыныққан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірде мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік осал топ өкілдерінің арасынан шыққан оқушы балаларды арнайы сауықтыру орталықтарында демалдыру жұмысы биыл қарқынды жүрді. Соның нәтижесінде өңірде 103 бала тегін демалған. Маусым аяғына дейін тағы 62 оқушы келіп қосылады.

Әрбір бала бес тәулік демалады. Балаларды қабылдау I-ІІІ топтағы мүгедектігі бар баланың тіркелген жері бойынша дәрігердің ұсынысы негізінде іске асады. Сауықтыру орталығына жол жүруді ұйымдастыруды заңды өкіл немесе ата-анасы тұрғылықты жерінен Үшарал қаласына дейін өз мойнына алады. Одан кейін демалушыны Ақши ауылына, ары қарай лагерьге жеткізуді орталықтың өзі ұйымдастырады, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Ермек Мизамбаев.

Биыл өңірдегі оқушыларда шипалы көл жағасына келіп, түрлі ойын-сауықтар өткізіп, ерекше демалды. Оқушылардың жазғы демалысы қасиетті көлдің жағасында осымен екінші рет ұйымдастырлып отыр.

Айта кетейік, аталған орталықта 40 орын қарастырылған. Бұрынғы жергілікті әкімдіктің резиденциясының ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, былтыр балаларға табысталды.

Баламды осындай керемет жерде ем алып, жазда демалғанына қуанып отырмын. Былтыр да осы жерге келіп, ерекше әсерге бөленген болатынбыз. Облыстық білім басқармасына алғысымды айтқым келеді. Балалар жайлы жағдай жасаған облыс әкімдігіне де ризашылығымды білдіремін, - дейді көпбалалы ана Ғазиза Төлепберген.

Жалпы өңірде балаларға тегін оңалту қызметін көрсететін 6 орталық қызмет жасайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы