Алакөлде қайық аударылып, 8 адам суда қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөлде қайық аударылды. Жергілікті құтқарушылар судан 8 адамды шығарып алды.

Оқыс оқиға 13 тамызда сағат 17:30-да Алакөл ауданы, Ақши ауылында болған. Елді мекенде қатты жел тұрып, жаңбыр құйған, арты бұршаққа ұласқан. Сөйтіп суда үлкен толқындар пайда болған.

Патруль аударылған кемені 17:36-да байқаған.


Құтқарушылар жұмыстарына дереу кірісіп, 8 азаматқа көмек көрсетті. Олардың екеуі кәмелет жасқа толмағандар. Суға тұншыққан зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейіннен ол Ақши ауылының медициналық мекемесіне жатқызылды, - деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы