Алакөлде балықшының қайығы аударылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы 24 маусымында Алакөлде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақши ауылында көл жағасынан бір шақырым қашықтықта куәгерлер су бетінен аударылған қайықты байқағаны туралы хабар сағат 6:20-да келіп түсті.

Ақши ауылы Алакөл өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу шақырту орнына аттанды.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар Алматы қаласының 1968 жылғы тұрғыны резеңке қайықпен балық аулау кезінде қатты жел тұрып, қайықты жағадан алып кетіп, су ортасында аударып жібергені анықталды. Балықшы қайықтың жанында суда болды.

Ер адам жағаға эвакуацияланды, ол медициналық көмекті қажет етпеді. Құтқарылушылар судағы қауіпсіздік ережелері және құтқару кеудешесінсіз суда болудың салдары туралы түсіндірме әңгіме жүргізді, – делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Құтқарушылар азаматтарды судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы