Алакөлде балалар лагері ашылды
Шипалы көл жағалауында «Жалын» жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады. Мұнда оқушылар шығармашылықпен қатар, емдік көлге шомылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айдынды Алакөл жағасында демалуға асыққан жастардың қатары көп. Емдік әсері мол көлге оқушылар шомылып, ұстаздардан дәріс алады. Алакөл ауданы қарасты Ақши ауылында орналасқан «Жалын» жазғы сауықтыру лагерібірінші кезеңі жұмысын бастады. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужанов сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтады.
Жазғы лагерь балалардың үш ай демалысын босқа өткізбей үшін маңызды жоба. Мұнда ұстаздар балаларды рухани тәрбиелеп, ізгілікке баулиды. Демалу тек қарапайым жазғы демалыс емес, ол баланың өсіп-өркендеуі үшін маңызды қадам. Лагерь – балаға тәуелсіз және жауапты болуға көмектесетін қандайда да бір еркіндік берудің керемет мүмкіндігі. Балалардың қуанышы арта берсін», деді М.Төлеужанов.
Жалпы жазғы лагерде бала қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, командамен жұмыс істеп үйренуге, достар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік алады. Бірінші кезеңге 100 бала қамтылан. Олар табиғат аясында демалады. Балалар бөлмелері кең, жарық, жөндеуден өткен, тұруға жайлы және ойын ойнауға қажеттінің бәрі бар.
Балалар Алакөл көлінде демалып, суға түсіп, сонымен қатар, шығармашылықпен айналысып түрлі жобаларға белсенді қатыса алады.Балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді. Біз өз тарапымыздан үнемі қадағалап отырамыз. Жақсы көңіл-күй мен әл-ауқат ғана емес, кейде баланың денсаулығы кішкентай нәрселерге байланысты болады. Оқушылардың демалы сәтті өтуіне тілектеспін», дейді облыстық білім басқармасының орынбасары Әли Солтанбекұлы.