Алакөл жағасынан күніне 10 тонна қоқыс шығарылады

Алакөлдің жағасына келушілердің қатары күн сайын артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жазғы туристік маусымда көл жағасында санитарлық тазарту жұмыстарымен Үржар ауданы әкімдігінің «Мақаншы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Тазалық жұмыстары таңғы 5:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жүргізіледі.

Жағалау мен арбатта күніне 3 рет санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп отырады. Жол жиектері қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылады.

Сонымен қатар, қосымша 200 қоқыс контейнері сатып алынып, демалыс базаларының аумағында қосымша 40 қоқыс жәшігі орнатылды. Күн сайын Алакөл көлінің жағасынан 10 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады.

Туристерді тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз, себебі көлдің демалушыларға қолайлы болуы ең алдымен әр байланысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы