17 Маусым 2025 2025, 15:24 Фото: gov.kz

Алакөл құтқарушылары көлден екі жасөспірім қызды алып шықты

Абай облысы Мақаншы ауданында Алакөл көлінің жағажайында серфинг тақтасында сырғанап жүрген 2005 ж.т. және 2006 ж.т. екі жасөспірім толқын салдарынан аударылып, өз бетінше жағаға шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушы гидроциклмен жылдам жетіп, жасөспірімдерді судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.