Алакөл мен Бурабайда демалушыларды қабылдауға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.

МСМ мен ДСМ бірлесіп, ұжым мен демалушылардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, карантин шектеулері жағдайында курорттар мен демалыс аймақтарының жұмыс алгоритмін жедел әзірледі. Бұл алгоритм барлық меншік иелеріне айтылды. Бизнес бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заттарды сатып алып, жұмысты ұйымдастырды, - деді Дастан Рыспеков.

Оның айтуынша, қалалар мен облыс әкімдіктерінде туристік нысандардың бұл талаптарды сақтауы бойынша тұрақты мониторинг топтары құрылды. 

Ішкі туризм саласында жұмыс істеуге және клиенттер алдындағы өз міндеттерін орындауға мүмкіндік берілді. Біздің мәліметіміз бойынша, биыл жыл соңына дейін барлық курорттық орындарда бос орындар қалған жоқ. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақтарда карантин шектеулері жаңадан енгізілді. ШҚО, Алакөл, Щучье, Бурабай аймағында демалуды тоқтату бойынша қаулы қабылданған болатын, - деді ол. 

Ол атағандай, Алакөл, Щучье, Бурабай курорттық аймақтары бойынша жаңа келісім орнатылған. 

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметі берген тиісті дайындық актілері бар. Орналастыру орындарында алдын ала төленген брондар бойынша демалушыларды қабылдауға рұқсат етілді. Алакөл жағалауында отбасының бір мүшесінде ПТР анықтамасының болуы жағдайында бұрын көзделген талаптарды ескере отырып, демалуға болады. Блок-бекеттерден өткен кезде демалушылардың брондау құжаттары салыстырылатын болады. Курорттық орындарда демалып жатқандар карантин талаптарын сақтауы керек. Егер бизнес пен азаматтар барлық норманы сақтаса, карантиннен тезірек шығамыз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы