Алакөл маңында жер сілкінді

Жетісу облысындағы Алакөл көлі маңында түнде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық деректер орталығы ГЗИ ҰЯО жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 23:24-те болған. 

Жер сілкінісінің ошағы Ақши ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 3,7 болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы